KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

Өскеменде қаланы қардан тазартуға техника жете ме?

12.11.2023, 18:00 232 Назерке Каримова

Енді Өскеменнің шеткері аумақтарын бұрынғыдай омбы қар басып жатпайды. Ол жақтарға жеке қар тазарту техникасы бөлінеді, деп хабарлайды Хабар24 арнасы. 

Коммуналдық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, 5 мердігер компаниямен келісімшарт жасалған. Олардың қарамағында 60 арнаулы көлік бар.

Жалпы "Таза Өскемен" мекемесі алдағы қар тазарту жұмыстарына 300 миллионнан астам теңге жұмсамақ. Бірақ қазір кадр тапшылығы өзекті боп тұр. «Жол-коммуналдық қызмет саласында 70 жұмысшы жетіспейді. Сондықтан жоқ кадрдың орнын көпфункциялы техникамен алмастыруға тура келеді», - дейді мамандар. 

- Техника жаңарып келеді. Мәселен соңғы үш жылда бір емес бірнеше мақсатта қолдануға болатын 5 көлік алдық. Қала жыл сайын өсіп келеді. Шаһардың тек қана сол жағалау аумағын алсақ, 15-20 процентке ұлғайды. Ендеше біз де осы көлемде қызмет көрсетіп үлгеру керекпіз, - дейді коммуналдық мекеме басшысы Асхат Тәженов,



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив