KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда тірі тастар барын білесіз бе?

24.11.2023, 10:01 283 Қызырбек Дүргінбайұлы

Табиғатты тірі дегенімізбен тастың тірі екендігіне көбіміз сенгіміз келмейді. Шындығында Қазақстанның бірнеше өңірінде тірі тастар бар. Олар өседі, көбейеді, қозғалады.

 

Ғалымдар Қазақстан өңіріндегі тірі тастарды Семей, Балқаш, Маңғыстау өңірлерінен кездестірген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Тровант-тастар тұңғыш рет Румыниядан табылыпты. Француз ғалымы Ришар Лион мұны тіршіліктің кремнийлік түрі деген.

 

Тровант тастар тыныс алып, көбейіп, тіпті, орнынан қозғала алады. Ал тровант тастардың бір рет тыныс алуы екі аптаға созылады екен. Пульсі бар трованттар да бар. Оларды бақшаға қойсаңыз бірнеше айдан кейін көбейетін көрінеді. Тірі тастардың қалпы бірдей, картоп түйнектеріне ұқсайды. Ал ғалымдар жолықтырған ең ірі трованттың диаметрі - 10 метр.

 

Қазақстандағы тірі тастарды Балқаш көлінің солтүстік жағасы мен Семей жақтағы Бродячее алқабынан табуға болады. Тұрғындар мұндай тастардың артына із қалдыратынын байқаған. Тіпті, бірде агроном Игорь Бакаев тастың түбіне келіп ұйықтап қалған. Оянса, тас үш метрдей жерге көшіп кеткен екен.

 

Скептиктер тастың тірі дегеніне сенбейтін көрінеді. Олар трованттарды ерекше минералды формуласының арқасында өзіне ылғал сіңіріп, көлемі үлкейеді деген пайым жасайды. Орнынан қозғалуын топырақтың температурасымен байланыстырады. Бірақ тірі тастардың бүршіктенуіне ешбір скептик анықтама бере алмайды екен. Ал француз зерттеушісі Ришар Лион трованттарды «ДНК-сы бар ерекше тіршілік түрі» деп атайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив