Алматыда жер сілкінді
Фото: egemen.kz
Бүгін "СОМЭ" сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.3.
MPV магнитудасы: 4.6.
Тереңдігі: 10 км.
Сезілгені туралы мәлімет: Түрген – 3 балл, Алматы – 2 балл.
Оқи отырыңыз