Қазақстанның қай жерінде -50 градус аяз? Қазгидромет не дейді?
Фото: ktk.kz
Қазақстандықтар Шығыс Қазақстанда 20 ақпан күні таңертең ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендегені туралы хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Ақпаратқа қарағанда, таңғы сағат 05:05-те Алтай қаласында ауа температурасы минус 50 градусқа дейін төмендеген. Бұл минус 57 градус болып сезілетіні көрсетілген.
"Қазгидромет" ақпаратқа қатысты жауап берді.
Бұл өткен түндегі Қазақстандағы ең төменгі температура екені атап өтілді.
Десе де, ШҚО-дағы Глубокое ауданына қарасты Малоубинка ауылының тұрғындары бұл күні сынап бағаны минус 60 градустан төмен болғанын айтады.
Жанаргүл Мұқатай