-38 °C: Аяз қыса түседі – ШҚО
фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысында сынап бағанасы 38 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, 8 желтоқсанда өңірде ауа температурасы күндіз де, түнде де минус 18-23 °C аралығында болады. 9 желтоқсан күні бірқатар ауданда – минус 28-33 градус аяз. 10 желтоқсанға қараған түні термометр бағаны минус 30-35, өңірдің шығысында тіпті минус 38 градусқа дейін төмендейді.
Өскеменде:
алдағы түнде – минус 20-22 °C
8 желтоқсан күні – минус 18-20 °C.
9 желтоқсанға қараған түні – минус 28-30 °C, күндіз – минус 23-25 °C.
10 желтоқсанға қараған түні – минус 30-32 °C, күндіз – 23-25 °C.