"Нәтиже бермеді". Әшімбаев қоныс аудару бағдарламасы туралы айтты
Фото: ortcom.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы дұрыс нәтиже бермегенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Сенат төрағасының cөзінше, кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық қиындықтар бар.
- Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдар ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43 пайыз), Павлодар (-5,76 пайыз) және Қостанай (-8,3 пайыз) облыстарында халық саны азайған, - дейді Әшімбаев.
Сенат төрағасы оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жақсы нәтиже бермегенін жеткізді.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз