KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Дамыған ел болу үшін тек экономикалық мақсат қою жеткіліксіз – Мемлекет басшысы

Фото: Ақорда

15.03.2024, 16:00 51 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы басталды.

Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде нағыз дамыған ел болу үшін тек экономикалық мақсат қою жеткіліксіз екенін айтып өтті. Әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарларды айқындап, нақты шараларды қолға алу қажет. Осы себепті биыл Ұлттық құрылтай жылдағыдай жазда емес, ертерек өткізіліп жатыр.

- Мен былтыр күздегі Жолдауымда Жаңа экономикалық саясатқа көшетінімізді айттым. Ақпанның басында Үкімет ауысты, жаңа міндеттер жүктелді. Дегенмен, нағыз дамыған ел болу үшін тек экономикалық мақсат қою жеткіліксіз. Әлеуметтік, шаруашылық, идеологиялық және басқа да салалардағы бағдарымызды айқындап, нақты шараларды қолға алуымыз керек. Сондықтан биыл Ұлттық құрылтайды жылдағыдай жазда емес, ертерек өткізіп отырмыз. Осы орайда, бірқатар өзекті мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет, - деді Президент. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив