KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Ұлттық колорит – 2024 жылдың тренді

Фото: Naryk.kz

20.03.2024, 14:56 48 Айжанат Бақытқызы

Соңғы жылдары көпшілік қауым қазақ мәдениетінің құндылығын түсініп, ұлттық қолөнерді жандандыруға ұмтылуда. Нәтижесінде, мәдени мұраны сақтау тәсілі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің тиімді нысаны болып саналатын этно-бизнеске деген қызығушылықтың өскені байқалады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандағы ең ірі хабарландыру сервисі OLX.kz-тің ақпаратына сәйкес, этно-стильде ұсынылған тауарлар мен қызметтердің саны жыл сайын қарқын алып отыр екен.

Бұл бағыт киім мен зергерлік бұйымдардан бастап кәдесыйлар мен декор элементтеріне дейінгі тауарлардың кең ауқымын қамтиды және олардың түр алуандылығы да тұрақты негізде артып келеді. 

Этно-бизнестің келешегі зор сегменттерінің бірі ұлттық киім, онда өткен жылы әйелдердің костюмдері (11 000-нан астам хабарландыру) және әйелдердің көйлектері (3 000-нан астам хабарландыру) сатылым көшбасшылары болды. Ұлттық әйелдер киімі Алматы, Ақтау және Астана қалаларында ерекше сұранысқа ие, ұсыныстар саны бойынша басқа қалалардан бірнеше есе алда келеді.

Ерлер киімі, атап айтқанда шапандар азырақ ұсынылған (1500 хабарландыру), олар негізінен Алматы, Астана және Қарағандыда сұранысқа ие. Жалпы, ұлттық киімге Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың сұранысы артып отыр, хабарландырулар саны 18 000-нан асады.

Ұлттық аксессуарлардың танымалдығы артып келеді. Мысалы, тақия және төбетей этно-стильдегі ең сұранысты бас киімдерге айналды. Олар бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие.

Шекелік және шашбау сияқты көне әйелдер әшекейлері қайта жаңғыруда. Этно стильдегі корсеттерге де сұраныс артты.

Интерьер заттары туралы айтатын болсақ, көпшілік қалауы рейтингінде бірінші орынды көрпе алады. Ұлттық стильдегі картиналар интерьер дизайнындағы жаңа бағыт десе де болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив