KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қазақстандықтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмайды

Фото: inbusiness.kz

20.03.2024, 22:38 152

Қазақстандықтар енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмайтын болды. Мәжіліс бүгін тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Одан бөлек, микрокредиттік ұйымдардың беретін қарызына шекті пайыздық мөлшерлеме бекіту де көзделген. Сонымен қатар 2026 жылға дейін проблемалық несиелер коллекторларға сатылмайды. Ал егер тұтынушы банк алдындағы қарызын 90 күннен артық төлемесе, оған басқа несие мүлде берілмейді.

Бұл құжат халықтың несиесін азайтуға бағытталған. Статистика бойынша қазақстандықтардың несиесі соңғы 2 жылда 3 есе өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив