Екі миллионға жуық бала бір мезетте танымал күйлерді орындады (видео)
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Челлендж қатысушыларына арнаған сөзінде ведомство басшысы соңғы уақытта елімізде домбырада ойнағысы келетіндердің саны едәуір артқанын атап өтті.
Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентайлары - Абай облысы, Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.
Естеріңізге сала кетейік, домбырашылар челленджі - Әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын кең ауқымды республикалық акция. Ол былтыр алғаш рет министрліктің бастамасымен өткізілген болатын. Тек соңғы бір жылдың өзінде елімізде домбыра үйірмелерінің саны бес есе артты. Бүгінгі таңда барлығы екі мың үйірме жұмыс істейді. Оған 100 мыңнан астам жас домбырашы қатысады.