KZ
Өскемен
-15°
плотный туман жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Елімізде жұмыс уақыты қысқара ма?

Фото: depositphotos.com

10.09.2024, 18:00 105 Ержан Әбіш

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс уақытының қысқаруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

БАҚ өкілі министрге «Қазір қараңғы ерте түседі. 5-6 сағаттан соң күн батады. Осыған орай жұмыс күні қысқартылуы мүмкін бе?» деп сұрақ қойды.

– Еңбек заңнамасы жұмыс беруші мен қызметкер арасында ыңғайлы жұмыс кестесін орнатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жұмыс уақытын қысқарту жөнінде сөз жоқ. Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, ол 5 күн бойы 8 сағат жұмыс істеуі керек. Алайда жұмысқа бару және жұмыстан шығу уақытын өзгерту бойынша жұмыс берушімен келісуге болады, – деді ол Үкімет үйінде.

Еңбек министрі қолданыстағы заңның қандай мүмкіндіктер беріп отырғанын атап өтті.

– Бізде азаматтар үшін ыңғайлы график кестесі қойылған. Мәселен, түрлі жастағы кішкентай балаңыз бар дейік. Сіз біреуін балабақшаға, екіншісін мектепке жібересіз. Мұндай жағдайды жұмыс күніңізді 2 сағатқа созуға немесе 1,5-2 сағатқа кеш келуге болады. Алайда бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бұлай болмаған жағдайда түскі уақытта жұмыс істеп, жұмыстан ерте шыға аласыз. Кез келген жұмыс беруші ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін осы шараларға барады, – деді Жақыпова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу