Қазақстанда шенеуніктердің іссапарлары қысқарады
Фото: depositphotos.com
Мәжіліс депутаттары министрлер кабинетінің мүшелерінен республикалық бюджет шығыстарының жыл сайын артуына не себеп болып жатқанын сұрады. Бұл жөнінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы түсінік берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
«2025 жылдың бюджеті 25,8 трлн. теңге. Ағымдағы жылмен салыстырғанда ол 1,7 трлн теңгеге өсті. Біз шығыстарға шолу жасап, нәтижесінде тиімсіз шығыстарды, оның ішінде мемлекеттік аппаратты ұстауға арналған шығыстарды оңтайландырдық»,-дейді Абзал Бейсенбекұлы.
Атап айтқанда, бұдан бұрын вице-министр өз баяндамасында айтып өткендей, имидждік іс-шаралар мен іссапар шығындары азаяды.
Оқи отырыңыз