KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

depositphotos.com

9.10.2024, 21:00 73 Ержан Әбіш
Бүгін дүниежүзілік донор күні. Бұл күннің мақсаты - әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсету, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.

Мәселен, елімізде 4 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Оның ішінде 3 мың 661-і ересек адам, 85-і бала. Бауырға 180 ересек пен 10 бала мұқтаж.

20 ересек қазақстандық өкпесін ауыстыру бойынша, ал жүрек бойынша 136 ересек пен 5 бала күту парағында тұр.

Сондай-ақ жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейінгі кезде мәйіттік донор бойынша нәтижелер жақсарып келеді. Соның ішінде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін сақтап қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив