KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

9 қазан – Дүниежүзілік донор күні

9.10.2024, 09:00 114 Төлеуғазы Жансая

Бұл күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсетуді, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал етуді мақсат етеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Донор болу үшін ең басты талаптар – адамның денсаулығының жақсы болуы және белгілі жас мөлшерінде болуы. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 210-бабының 1-тармағына және 212-бабының 1-тармағына сәйкес:

  • ағза мен тіндердің тірілей доноры - 18 жастан асқан, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыста болған немесе онымен тіндік үйлесімділігі бар, трансплантациялау үшін жазбаша нотариалды куәландырылған келісімін білдірген адам;
  • қайтыс болғаннан кейінгі донор - 18 жастан асқан адам, оның мүшелері немесе тіндері реципиентке трансплантациялау үшін пайдаланылуы мүмкін мидың өлімі анықталған адам бола алады.

Донор еш патологиясыз, қатерлі және жұқпалы аурулары, қант диабеті және басқа да аурулары жоқ органдарға ие болуы керек. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу