KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да жылу желілерінің тозуы жоғары деңгейде

Фото: Шартты сурет

11.04.2023, 12:55 202

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жергілікті атқарушы органдардың жедел деректеріне сүйене отырып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырым болғанын мәлімдеді. 
Ағымдағы жылу маусымында 185 технологиялық ақау тіркелген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

–  Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығының дерегіне сәйкес, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымы кезінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 185 технологиялық ақау орын алды. Негізінен, бұл инженерлік-коммуникация желілерінің тозуына байланысты болды, дейді министр.

Сонымен қатар орта есеппен желілердің 54%-ы тозған екен. Павлодар, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу желілерінің жағдайы мүшкіл екені анықталып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив