KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Балалардың кино өнеріндегі қарым-қабілеті сыналды – ШҚО

Фото: gov.kz

24.05.2023, 11:28 263

Балалар киносына арналған «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты республикалық фестивалдің облыстың кезеңі тәмамдалды. Байқауды ШҚО білім басқармасының «Дарын» орталығы қашықтан өткізген.

Фестивальға жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысқан, деп хабарлдайды Altaynews тілшісі.

Байқау үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін балалардың игере алуына жағдай туғызуға, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар аудандық және қалалық кезеңдерден іріктеліп алынды.

Байқау «Үздік кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION-видео», «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «Музыкалық клип», «Телевизиялық сюжет», «Киножурнал», «Ғылыми кино» аталымдары шеңберінде ұйымдастырылған.

Қорытынды бойынша 25 жеңімпаз анықталған. Оның ішінде 8 - I орын, 8 – II орын, 9 – III орын иегері белгілі болды. Жүлдегерлер тізімін  www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификат пен дипломдар табысталды.

Облыстық кезеңде үздік атанған жеңімпаз аймақ атынан республикалық кезеңге қатысады.

                     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив