Полиция қызметкерлері сынған автобустың жолаушыларына жәрдемдесті – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
26 маусымда полиция қызметкерлері сынған автобустың жолаушыларына көмектесіп, Өскемен қаласына жетуге жәрдемдесті.
Автобуста 25 жолаушы болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қарағанды қаласынан Өскемен қаласына қарай бағыт алған «ПАЗ» автобусында 25 жолаушы болған. Кенеттан пайда болған ақау әсерінен автобус «Өскемен- Алматы» тасжолының 24-ші шақырымында жол бойына тоқтаған.
Патрульдеу қызметін атқару кезінде ПД Патрульдік полиция батальонының 161 экипажының қызметкерлері сынып тұрған автобусты байқаған. Тәртіп сақшылары жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды қалаға жеткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетті.
Дерекке сүйенсек, автобус біраз уақыттан кейін жөнделіп, кейін экипаж ілесе жүріп автобусты орнына жеткізген.