Интернет алаяқтықтың 300-ге жуық фактісі тіркелген – ШҚО
Фото: halyq-uni.kz
Жыл басынан бері өңірде интернет алаяқтықтың 300-ге жуық фактісі тіркелді. Оның 80%-ы облыс және республика аумағынан тыс жерден жасалған.
Қазір интернет алаяқтық қылмыстың ең көп тараған түріне жатады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Алаяқтар қарапайым халықты ОЛХ, Колеса, Крыша сайттарында және әлеуметтік желілерде кездесетін тауарға төлем жасауды сұрау арқылы алдайды. Сондай-ақ қазір жиі кездесетін, банк қызметкерлері атынан қоңырау шалып, жәбірленушінің шоттарына күмәнді операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы сендіріп, оның атына несие рәсімдейді немесе шотта бар ақшаны толығымен шешіп алады, - дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Азамат Рахадылов.
Тәртіп сақшылары алаяқтың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым қағиданы есте сақтау керектігін айтады.
- Банк қызметкерлері ешқашан өз клиенттеріне қоңырау шалып, телефоныңызға жіберілген кілтсөзді сұрамайды. Ешкімге және ешбір жағдайда өзіңіздің жеке деректеріңізді айтуға болмайды. ЖСН, карточка нөмірлерін, пин-кодтар мен СМС-тер, карта ішкі жағындағы 3 таңбалы нөмірді ешқашан айтпаңыз. 2 аптада бір рет мобильді банкингтегі кодты өзгертіп отырыңыз, - деді басқарма бастығының орынбасары Орал Рысбаев.
Оқи отырыңыз