Автоураган: 9 мыңнан астам дерек анықталды
Фото: egemen.kz
ШҚО жолдарында төрт «Автоураган» кешені орналастырылған.
Аталған кешен «Өскемен-Семей», «Өскемен-Алматы», «Өскемен-Шемонаиха», «Өскемен-Риддер» тас жолдарының бойына қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл кешен апат пен жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу үшін орналастырылған. «Автоураган» арнайы камерамен, радармен жабдықталған. Жүйе көлікті арнайы база арқылы сол мезетте тексереді.
Бүгінгі таңда осы кешеннің арқасында жылдамдық асырудың 9 мыңнан астам дерегі анықталды.
Оқи отырыңыз