ШҚТУ-да волонтерлер слеті өтті
Фото: gov.kz
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Антикор ерікті болуға шақырады» атты слет өтті. Университеттің жастары тамыз айында басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына белсене қатысып жүр.
Слетте ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев Агенттіктің жұмысын егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Департаменттің өкілі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы туралы айтып, студенттерді жобаға қатысуға шақырды. Оның айтуынша, бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және патриоттық құндылықтарды дамыту үшін маңызды.
Студенттер волонтерлік негізі туралы сабақ алып, психологиялық ойынға қатысып, өзге студенттермен тәжірибе алмасты. Еріктілер «Мафия» ойынын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытқа бейімдеп, ұсынды. Қатысушылар әлеуметтік желі мен аталған ойынның жастар арасындағы танымалдылығын ескеріп, тақырып таңдаған.