KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Әскери борышын өтегендер ІІМ әскери оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе алады

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

31.10.2023, 19:37 133

Келесі жылдан бастап мерзімді әскери борышын өтегендер ІІМ-нің әскери оқу орындарына ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.

Ол үшін сарбаз парызын өтегеннен кейін бірден немесе бір жыл ішінде өтінім тапсыру керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқуға түсетін үміткерлердің жасы 23-тен аспауы шарт. Мұндай мүмкіндікке Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімдердің әр шақырылымындағы сарбаздардың 20 пайызы ғана қол жеткізе алады.

Еске салайық, Ішкі істер министрінің биылғы 28 қыркүйектегі № 709 бұйрығына сай Министрдің 2016 жылғы 26 қаңтардағы «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» № 77  бұйрығына өзгеріс енгізілген.

Оқуға түсу бойынша сұрақтардың жауабын 8 777 541 7213 нөмірі арқылы білуге болады. 

                 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив