Зайсан ауданында шұжық өндіре бастады
Өңірлерде шағын өнеркәсіп пен өндіріс ошақтарын дамытудың маңызы зор.
Бұл тұрғыдан Зайсан ауданы көш ілгері деуге болады. Енді міне, «Ақбай» шаруа қожалығы өз шұжығын өндіре бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ауданда табиғи таза, халал шұжық шығарылады. Бұл шаруаны Үлкен Қаратал ауылындағы «Ақбай» шаруа қожалығы қолға алған. Шаруа қожалығының жетекшісі - көпбалалы ана, «Жомарт жүрек», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Сәулеш Әбілғожина.
– Шұжықтар 100 пайыз таза, жоғарғы сортты жылқы мен сиыр етінен дайындалады. Бүгінгі күні дүкен сөрелерінен орын алып үлгерген отандық өнімнің дәмі де, сапасы да тұтынушылардың ерекше ықыласына бөленіп отыр, – деп жазды аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз