KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Риддерде мектеп оқушыларына аязды күндері еркін форма киюге рұқсат етілді

17.12.2023, 14:29 147 Назерке Каримова

Бүгін Риддер қаласының білім бөлімінің өкілдері қала мектептері мен балабақшаларды аралады.

Олардың айтуынша, кабинеттер мен бөлмелерде ауа температурасы 14-19 градус жылыны көрсетіп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Ауа температурасының бұлай төмендеуіне балалардың сабақты бір апта бойы қашықтан оқып, одан бөлек үш күндік демалысқа кетуі себеп. Бұл уақыт аралығында сыныптар бос.

Дегенмен оқу кабинеттерін жылыту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіліп, электр қазандықтары, жылытқыштар қосылған.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Любовь Микульская Риддер мектептерінде аязды күндері міндетті болып саналатын мектеп формасын кимеуге және екінші аяқ киім ауыстырып қажет еместігін, балалардың жылы киініп, саулығы маңызды екенін атап өтті.

- Дүйсенбі, яғни 18 желтоқсанда мектеп директорларымен онлайн режимде жиналыс өтеді. Олар сыныптардағы температуралық жағдайлар туралы ақпаратпен бөлісіп, мектеп оқушыларының оқуын одан әрі ұйымдастыру бойынша ұсыныстар алады, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив