KZ
Өскемен
+2°
туман жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

ШҚО прокуратурасы инвестордың проблемасын шешіп берді

dknews.kz

17.12.2023, 22:20 118 Назерке Каримова

ШҚО прокуратурасы инвестордың проблемасын шешіп берді. 

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының индустриялық аймағында инвесторлардың бірі 2 млрд теңге сомасына сауда-өндірістік кешен салу жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтауда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі 

Ол бүкіл облыста дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды сақтауын және жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Анықталғандай, жобаның іске қосылуына әсер ететін мәселелердің бірі — кірме жолдардың құрылысы, себебі жолдың тік еңісіне байланысты үлкен жүк көліктері қоймаға бара алмаған. Осы проблеманы шешу үшін соңғы 3 жыл ішінде инвестор бірнеше рет қала және облыс әкімдігіне жүгінген, бірақ нәтижелер болмады.

Тек объекті басында көшпелі кездесу өткізгеннен кейін ғана мәселенің шешілуіне прокуратура араласқан соң әкімдік бюджет қаражатын бөліп, кірме жолдарды кеңейту және автомобиль жолының бетін тегістеу жұмыстары басталды», — деп жазды облыстық прокуратурадан.

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив