KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

20.12.2023, 10:00 159

Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы басталғаннан бері үзіліс болған жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- 20 желтоқсандағы жағдай бойынша Риддер ЖЭО-да төрт қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, біреуі - резервте. Жылу тасымалдағыштың шығуындағы орташа тәуліктік температура + 82 градус, кері құбырдағы + 55 градус, бұл нормаларға сәйкес келеді, - деді ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.

Дегенмен, сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан бастап жекелеген үйлердің тұрғындарынан пәтерлердегі температураның төмендігіне байланысты шағымдар түсе бастады.

 

Д.Кеңесбаевтың айтуынша, жағдай жылумен жабдықтау жүйесінің айналым жүйесіндегі көптеген бұзылулардан туындаған.

- Мәселе бар, біз оны жасырмаймыз. Мәселелер жылдар бойы жиналған. Риддерде бүгінгі күні желілер қатты тозған. Үкіметтің қолдауымен биыл 2,2 км апаттық учаскелерді жөндедік, бұл апатты учаскелердің 15% -ін және жалпы ұзындықтың 3% -ін ғана құрайды. Сондықтан бұл жұмыс келесі жылы жалғасады. Біз тұрғындардың былтырғы қыстағы жағдайдан соң қорқатынын түсінеміз, сондықтан кейбір көпқабатты үйлерде сорғылар  орнатылған, бірақ бұл кейінгі үйлердегі қысымды азайтады. Жылыту жүйесінен суды ағызу және кейіннен ЖЭО-да мәжбүрлі қыздыру да жылу беру процесін баяулатады. Біз кері су шығыны осы күндері сағатына 200 тоннаға дейін жеткен сәттерді тіркедік, мысалы, облыс орталығында тұрғындар саны 400 мың адам болса да шығын сағатына 230 тоннаны құрайды, ал Риддерде 50 мың адам. Сондай-ақ, қалада аязды күндерге толық дайындалмаған және терможаңғыртуды қажет ететін ескі үйлер орналасқан аудандар бар, - дейді ол.


Мамандардың үйлерді аралауы кезінде 50-ден астам сорғы табылып, алынып тасталды. Риддер қаласының әкімдігі үйлерінде сорғы орнатылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның салдары туралы хабардар етті.

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив