KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Жергілікті кәсіпорында 77 жұмыс орыны ашылды - Самар

22.12.2023, 21:22 158

Биыл Самар ауданында өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі шамамен 5566,5 млрд. теңгені құрады.

 

Самар ауданында тау-кен өнеркәсібін дамытуға, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға  мүмкіндік беріп отырған негізгі кәсіпорын - Қойтас ауылының маңында орналасқан Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорны, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Кәсіпорында биыл екінші темір рудасы фабрикасы іске қосылып, жұмыс орындарының санын жетпіс жеті адамға көбейген. Қазір өндірістегі жұмысшылардың жалпы саны 265  адамға жеткен.

 

Ағымдағы жылдың он бір айында Самар ауданына үш млрд теңге қаржы салынды. Ауданда өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемі шамамен 5566,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: тау-кен өнеркәсібі – 4,9 млн, өңдеу өнеркәсібі – 599,8 млн.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив