KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Риддердің қоғам белсенділері қалалық ЖЭО-ның жұмысымен танысты

16.01.2024, 20:30 95 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер алдағы күндері аяз түседі деп болжап отыр. Осы ретте Риддер жұртшылығының өкілдері «Риддер ЖЭО» АҚ-на барып, жұмысымен танысты. Олар жылу үздіксіз беріліп жатқанына көз жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Қала басшылығы мен ЖЭО қызметкерлері қоғамдық бақылау тобын кәсіпорындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Бас инженердің орынбасары Кирилл Голотаның айтуынша, бүгінгі таңда жылу көзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, орташа қысымды үш қазандық пен жоғары қысымды бір қазандық іске қосылған. Тағы екі жоғары қысымды қазандық агрегаты резервте тұр. Барлық алты қазандық та бір-бірін алмастырып, кезекпен жұмыс істейді. Қалалықтардың үйіне жылу еш қиындықсыз берілуде.

 

Риддер ЖЭО өкілі кәсіпорынның 2024-2025 жылғы жылыту маусымына қатысты жоспарларымен де бөлісті.

- Келер жылғы жұмыстың көлемі белгіленді. Жаз кезінде қазандық пен жалпы жүйені жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Осы жылыту маусымында жөндеу жұмыстары тиімді жүргізілді, оған қала және облыс әкімдігі үлкен көмек көрсетті. Қаланың жылу жүйесін жетілдіру бойынша әлі де жұмыс істейміз, - деді Кирилл Голота.


Қала әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, жылу беруге қатысты жағдай оның жеке бақылауына алынған. Сондай-ақ Риддерде көмір мен мазуттың қажетті қоры да жеткілікті екен.

- Қазір басты міндет – талдау жасап, барлық проблемалық мәселелерді анықтау. Биыл біз қаражатты ең алдымен трансформаторлық қосалқы станцияларды ауыстыру мен жылу жүйелеріні жылу оқшаулағыштарына бағыттаймыз. Бұл учаскелердегі жұмыс бірінші кезекте жүзеге асырылады, - деп түсіндірді қала әкімі.


Сонымен қатар Дәулет Батырбаев күннің суытуына байланысты қаланың бүкіл жүйесін жылыту үшін жылу тасымалдағыштың температурасын 8 градусқа көтеру туралы шешім қабылданғанын айтып өтті.

- Тиісті норма тәулігіне 74 градус болса да, біз үкіл жүйені, үйлерді жылыту үшін ЖЭО-дан түнгі уақытта 83 градус беріп отырдық. Қазір жылу нормаға сәйкес берілуде. Тұрғындар оны байқады деп ойлаймын, себебі Интернетте де, БАҚ-та да шағым айтылып жатқан жоқ. Диспетчерлік қызметтің телефоны да үнсіз. ЖЭО мамандарының жұмысы жолға қойылды, - дейді Дәулет Батырбаев.


Қала жұртшылығының өкілдері ЖЭО-ның жұмысына оң нәтиже беріп отыр. Айтуларынша, тұрғындардың үйлері де, әлеуметтік мекемелердің ғимараттары да қазір жылынып қалған.

- Біз келген және шығып жатқан жылудың деңгейін көрдік, мен оның расымен нормаға сәйкес екеніне көз жеткіздім, - деп өз ойымен бөлісті Риддер қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ольга Корытко.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив