KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Күршім ауданына мамандар тікұшақпен барып, электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр

20.01.2024, 11:05 297

Күршім ауданына "Алтай аймағы" БЭСК инженерлері тікұшақпен барып, электрмен жабдықтауды қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.


Айта кетсек, қалың қардың салдарынан қосалқы станцияның жұмысында ақау шықты, осыған байланысты Шанағатты және Бұғымүйіз ауылдары мен екі шекара заставасы электр қуатынсыз қалды. Мамандар Шанағатты ауылы мен Маралды қосалқы станциясы арасындағы электр желісінің зақымдалған учаскесін анықтады. 


- Қазіргі уақытта Шанағатты және Бұғымүйіз ауылдарында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қалың қардың астында қалған ағаш электр сымына құлаған екен. Желідегі апатқа осы себеп болған. Өкінішке орай, қазіргі уақытта электр сымын қалпына келтіру мүмкін емес, бірақ біз кернеуді екі фазада береміз. Жолдар ашылғаннан кейін арнайы техника мен бригаданың толық құрамы келеді, – деді оқиға орнынан "Алтай аймағы" БЭСК бас инженері Болат Тайтиков.


Шекара заставасы дизельді генератордың есебінен уақытша электрмен қамтамасыз етілген. Бас инженердің айтуынша, екі фазада кернеу берілгеннен кейін электр қуаты қалпына келтіріледі.


- Біз электрмен жабдықтау желілерінің басқа да зақымдануларын анықтау үшін ауадан қосымша тексеру жүргіземіз. Жолдар таяуда ашылып, электр желісін толыққанды қалпына келтіруге кірісе аламыз деген үміттеміз, – деді бас инженер.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив