Сілеусін Көкжота ауылындағы бір үйдің 15 қойын қырып кетті
20 қаңтарда таңертең Самар ауданы, Бастаушы ауылдық округіне қарасты Көкжота ауылындағы бір үйдің қорасынан 15 бас қой өлі табылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Болғанбаев көшесі, 5-үй мекенжайы бойынша тұратын Еділхан Сарбасов деген азаматтың қорасына жыртқыш аң кіріп, сондағы қойлардың 15 басын өлтіріп, 10 басын жаралаған.
Оқиға орнына бірден аудан әкімі Нұрлан Махамбетов пен ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барып, мән-жайды анақтады.
Ит-құстың малға шабуыл жасау оқиғаларының алдын алу үшін жергілікті аңшыларға және орман шаруашылығының инспекторына жыртқыштарды бақылауға алуға қатысты арнайы тапсырма берілді.