KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қыс басынан бері ШҚО-дағы жолдар 53 мәрте жабылған

Фото: kartin.papik.pro

24.01.2024, 16:15 317 Нұржан Кенжеұлы

Шығыс Қазақстанда қысқы маусым басталғалы бері ауа райының күрт бұзылуына байланысты 54 рет дауыл туралы ескерту жарияланған.

 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ринат Кондыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Айта кетейік, «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатына облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов, «Қазгидрометтің» Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының өкілдері Шынар Базарова мен Іңкәр Асқарова, «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының директоры Еркін Даумов сияқты лауазымды тұлғалар қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Қыс мезгілі басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 54 мәрте дауыл туралы ескерту жарияланып, 53 рет жолдар жабылған. Оның ішіндегі 14 жол республикалық, ал 39 жол облыстық маңызға ие. Сол сияқты, 25 рет автокөлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұған қоса, халыққа 220 SMS хабарлама жолданған. Ал «DARMEN» мобильді қосымшасы арқылы 278 хабарлама жеткізілген, – деді Р. Қондыбаев.


Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, жол қызметтері ұзындығы 13 384 қума метр қар ұстайтын қалқандар мен 413 ескерту белгілерін орнатқан.

– Қыс басынан бері өңірде жеті авариялық-құтқару жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 13 адам құтқарылды. Жедел іс-қимылдың нәтижесінде адам шығыны тіркелген жоқ. Қар құрсауынан бес бірлік техника эвакуацияланды, – деген Н.Жұмаділов бүгінде облыста жолды күтіп ұстайтын техника тапшылығы жоқ екенін мәлім етті.


Брифингте белгілі болғандай, аймақта төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында жол ұйымдары мен шұғыл қызметтердің бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді. Қажет болған жағдайда 1 726 адам мен 959 бірлік техника көмекке келуге сақадай сай тұр.

 

Бұған қоса, Ұлан ауданының Привольное ауылында республикалық автожолда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында трассалық медициналық-құтқару пункті ашылған болатын. Ол, жол бойындағы 15 кафе сияқты, жылыту және тамақтану орындары ретінде де жұмыс істеуде. Осы ретте, бүгінде облыстың автожолдарында жеті жылыту пункті бар екенін де айтқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив