KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да браконьерлік аулардан алынған балық интернатқа берілді

Шартты сурет: people.onliner.by

26.01.2024, 17:39 92

Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінде заңсыз балық аулауға жол берілмеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

«Орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағы» ММ қызметкерлері табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп су айдындарында кезекті рейд жүргізді.

 
- Рейд барысында Бұқтырма су қоймасында заң бұзушы ұсталып, одан 100 келіден астам түрлі балық тәркіленді. Шығын 800 мың теңгеден асты. Материалдар сотқа жіберілді. Сондай-ақ, Зайсан көліндегі жыл бойы балық аулауға тыйым салынған жерде рейд жүргізілді, - деді мемлекеттік мекеменің баспасөз хатшысы Мақсат Шәкіров.
 

Бұған дейін отряд қызметкерлері су қоймасын иесіз аулардан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізген.

 

- Аулардан алынған, әлі де тірі балықтарды суға жібердік, ал қалған 150 келіден астам балық интернатқа берілді. Аулар арнайы полигонда өртелді, - деп толықтырды Мақсат Шәкіров.


 

 

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу