ШҚО Ана мен бала орталығының нейрохирургтері аса күрделі оталар жасайды
Фото: денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
ШҚО Ана мен бала орталығының дәрігерлері гидроцефалия кезінде ми аймағына шунттарды орнату бойынша күрделі операцияларды жасайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ана мен бала орталығында ауылдан келген 11 жастағы пациент Камилла Байзакова сәби кезінен бастап «гидроцефалия» диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Нәрестеге алғашқы шунт екі айында қойылған. Ол өмірінде бес рет ота жасатқан.
Кейін Камилланың аяғында әлсіздік пайда болды. МРТ жұлынның грыжасын көрсетті. 2013 жылы сәби кезінде оған Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында жұлын ісігіне операция жасалды.
Жыл сайын Камилла анасымен бірге ШҚО Ана мен бала орталығына келеді, онда вентрикуло-перитонеальді шунтты (ВПШ) тексереді, оңалту курсынан өтеді.
Осы жылдың қаңтарында жеткіншекке хирургтар тағы бір операция жасады.
Қазір пациент өзін жақсы сезінеді, үйге шығуға дайындалып жүр. Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің айтуынша, ол ауруханада бос қарап жатпайды, моншақтармен керемет суреттер кестелейді, телефонға арналған брелоктар мен білезіктер жасайды. Қыз зергерлік бұйымдарын қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатқан балаларға сыйлайды. Кішкентай пациент бөлімде жатқан құрдастарына ғана емес, ересектерге де өміршеңдіктің, төзімділіктің және ақыл-ойдың үлгісін көрсетіп жүр.
Елімізде осындай диагноз қойылған науқастарды емдеу тегін екенін, барлық шығындар МӘМС қаражаты есебінен жабылатынын айта кеткен жөн.