KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
491.7 531.28 5.07

Тарбағатай мен Зайсанда құрылыс қарқыны жоғары – ШҚО

Фото: Тілеубек Шаяхмет

2.02.2024, 19:00 89 Нұржан Кенжеұлы

Былтыр ШҚО-да 311,3 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, 114,2 пайыздық өсім бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Бельбеевтің ақпаратына сүйенсек, құрылыс жұмыстарының ең жоғары өсімі Тарбағатай (193,8 пайыз), Зайсан (192,7 пайыз), Күршім (115,2 пайыз) аудандары мен Өскемен қаласында (125,5 пайыз) байқалған. Есесіне, Катонқарағай, Шемонаиха, Самар, Ұлан аудандары мен Риддер қаласында құрылысы қарқыны бәсеңдеген.

 

– Облыста 353,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 110,2 пайыздық өсім бар. Бұл ретте Өскемен қаласы, сондай-ақ Глубокое, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Самар және Катонқарағай аудандары алда тұр. Ал Риддер қаласы, Ұлан, Алтай және Шемонаиха аудандарында керісінше пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі азайған, – деп түсіндірді Фархад Бельбеев.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив