ШҚО: Кей өңірлерде қатты аяз сақталады
Фото: 76.mchs.gov.ru
Бүгін ШҚО-ның солтүстігі мен шығысында қатты аяз сақталады.
Республиканың кей жерлерінде қар жауып, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады, - дейді синоптиктер.
Қарағанды облысының шығысында 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында 27 градус қатты аяз сақталады.
Оқи отырыңыз