KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

ШҚО-ның дәрігерлері Латвия мен Израильде біліктілігін арттырды

Фото: islamnews.ru

26.02.2024, 22:16 97

ШҚО-дан алты маман Латвия мен Израильдің жетекші медициналық мекемелерінде білім-біліктерін арттырып келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 2023 жылы Ана мен бала орталығында республикалық орталықтар мен шетелдік мамандар бес шеберлік сабағы мен екі семинар-тренинг өткізді. Аудандық ауруханалардың 102 маманы каскадты әдіспен оқытылды.

- Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының перзентханаларында 700,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Ана мен бала өлімін төмендету бойынша аудандар мен қалалардың әкімдіктері, Полиция департаменті, Төтенше жағдай аумақтық органдары жүкті әйелдер мен балаларды ауа-райының қолайсыздығы кезінде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жәрдем көрсетеді, – деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив