KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Ұлан ауданында автоволонтерлер зейнеткерлерді тегін тасымалдады

Фото: kitsapdailynews.com

26.02.2024, 10:00 49

Ұлан ауданының жастары мен қайырымды тұрғындары «Еріктілер апталығы» акциясы аясында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қажетті жеріне тегін жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

- Қасым Қайсенов кентінде аязды күндері автоволонтерлер 20-дан астам адамды емханаға тегін жеткізді. Біздің белсенділер ауданның жалғызбасты тұрғындарын да назардан тыс қалдырмай, 46 ауланы омбы қардан тазартты. Қуанарлығы, жастардан қалыспай ауылдың  қарапайым азаматтары да белсенділік танытып, адамдарды жұмысқа және басқа да шаруаларына тегін тасымалдады. Акцияны қолдап, еріктілер қатарын толықтырған барша азаматтарға алғысымыз шексіз, - деп хабарлады Ұлан ауданының әкімдігі.



                                                                      Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив