KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Өскеменнің мемлекеттік қызметшілері жалғызбасты зейнеткерлер мен көп балалы аналарды тегін тасымалдайды

2.02.2024, 17:15 81

Өскеменде жалғызілікті зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Өскемен-АСАР» автоволонтерлік жобасының іске асырылып жатқанына алтыншы жылға аяқ басты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Жоба аясында автокөлік жүргізушілері аталған санаттағы жандарды емханаға, базарға, қоғамдық орындарға, саябақтарға тегін жетуге көмектеседі.

 

 

Облыс орталығының әкімдігі жобаға мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін де жұмылдырды. Ведомстволық бағынысты бөлімдер арасында арнайы кесте құрылып, оның шеңберінде автоволонтерлерге қосымша көмек жүзеге асырылады.

 

 

«Қоғамға пайда әкелетін игілікті жобалардың жылдан жылға жалғасуы қуанарлық жәйт. «Өскемен-АСАР» осымен алтыншы жыл өз нәтижесін беруде. Былтыр еріктілер 260 қоңырау шалушыға қызмет көрсетті», - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.


 

 

Қызметті қалай пайдалану керектігі немесе жоба аясындағы еріктілерге қалай қосылу керектігі жайлы толығырақ  @ukaasar  Instagram парақшасынан білуге болады.

 

 

                                                                         Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив