Ұлан ауданында еріктілер апталығы өтті
pixabay.com
Ауданның жастары бір апта бойы қайырымдылық жасап жарысқан.
Олар ауа райының қолайсыздығына қарамай 46 үйдің ауласын қардан тазартуға көмектескен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
19-25 ақпан аралығында Ұлан ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілер апталығы өтті.
- Ауа райының қолайсыздығына қарамай Қ. Қайсенов кентінің автоволонтерлері 23 мүмкіндігі шектеулі адамды емханаларға тегін жеткізді. Сондай-ақ, ауданның өзге тұрғындары да белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, тегін такси акциясын ұйымдастырып, адамдарды қажетті жеріне дейін жеткізіп жүрді, - деп хабарлады аудандық Жастар орталығы.
Ауданның еңбек жасақтары қарт және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесіп, жалпы саны 46 үйдің ауласын қардан тазартып берген.
Оқи отырыңыз