KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Қажетті кадрлар аурухана есебінен оқытылып жатыр - ШҚО

Фото: bryansktoday.ru

27.02.2024, 12:03 126 Айна Ескенқызы

Алтай ауданындағы ауданаралық аурухананың жаңғыртуға жататын кардиология, травмотология-ортопедия, анестезиология-реаниматология, сәулелі диагностика бөлімшелеріне қажет мамандар аурухана есебінен оқытылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Ауданаралық аурухананың кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін мекеменің өзінің қаражаты есебінен резидентурада анестезиология-реаниматология, радиология, эндокринология, отоларингология мамандықтары бойынша төрт маман оқып жүр. Олар биыл оқуды тәмамдаған соң қызметтеріне кірісуге тиіс. Сондай-ақ биыл жергілікті атқарушы органның гранты есебінен үш маманды оқыту жоспарланған. Олар 2025 жылы жұмыстарына кіріседі, - деді облыстық денсаулық басқармасында. 


Естеріңізге сала кетейік, ауылды жердегі медицина мекемелерін қажетті кадрлармен қамтамасыз ету – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасында көрсетілген басым бағыттардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив