Өскеменде мейрамханада өрт шықты (видео)
pixabay.com
8 наурызында таңғы сағат 6.15-те Өскеменде мейрамхананың өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті.
Өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өрт ерте шыққандықтан мейрамхана ішінде адамдар болмаған.
- Мейрамхананың негізгі ғимаратына бекітілген жазғы ас үйдің ағаш құрылымдары өртеніп кетті, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Өрттің шығуына электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себеп болуы мүмкін.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
290 шаршы метр аумақшты шарпыған өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 35 адам жеке құрам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз