KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да «Анама хат - Письмо маме» онлайн байқауы өтті (видео)

8.03.2024, 12:30 281 Назерке Каримова

Оған шығысқазақстандықтар белсенді қатысып, аяулы аналарына деген ыстық сезімдерін хатпен жеткізді.

Онлай байқауға әлеуметтік желіде белсенді кез келген облыс тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Отбасылық құндылықтарды насихаттай отырып ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған игілікті шара 20 ақпанда бастау алып 4 наурызда мәресіне жетті.

Байқауға қатысушылар 28 ақпанға дейін әлеуметтік желілерде #Анама хат – Письмо маме хэштегімен қазақ және орыс тілдерінде хаттарын жариялады. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 29 ақпанда хаттарды іріктеп алды. Онда хаттың шынайылығы, тақырыптың ашылуы, мащмұны, көркемдігі және ерекшелігі бағаланды. Ал 1 наурызда әрбір қала-аудан әкімдігі байқаудың облыстық турына қатысу үшін ШҚО қоғамдық даму басқармасына үздік шыққан екі жұмысты жолдады.

Байқауға қатысушылардың арасында оқушылар да, ересектер де болды. Самарлық оқушы Нұрболат Смайылов анасына арналған тілектерін видеороликпен жеткізген.

Ал Күршім ауданында әскери борышын өтеп жүрген Алтынбек Қайырғалиев Оралда тұратын анасына жүрекжарды хат жолдаған.

- Анашым, мен сізді катты жақсы көремін. Әскери өмірім сізді сағынумен, күн санаумен өтіп жатыр. Алда аз ғана уақыт қалды. Бар арманым – абыроймен Отан алдындағы борышымды орындап, аман-есен елге, сіздің жаныңызға, отбасыма оралу. Алла қалап, қолыңызды ұзартып өзіңізге ұқсайтын сұлу да ақылды қызды келін етіп әкеліп, сіздің қуанған жүзіңіздегі күлкіңізді көрсем деймін. Мені уайымдамаңыз, менде бері жақсы. Тамағым тоқ, әскери борышымды ойдағыдай өтеп жатырмын, - депті қатардағы жауынгер.


Ал зайсандық Нұршырақ Жігер өз хатында ананың қадірін өзі ана атанғанда терең түсіне бастағанын айтады.

- Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес қой. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана - кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде, қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің... “Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің” деген сөздің мағынасын дәл қазір түсініп жатырмын. Өйткені өзім де ана атанып отырмын, - дейді Нұршырақ Жігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу