KZ
Өскемен
+1°
небольшой снегопад жел 9 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-ның кәсіпкерлері енді өз өнімдерін делдалсыз саудалайды

16.03.2024, 16:30 60 Назерке Каримова

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Өскеменде «Керуен сарай» ашылды.

Жаңа сауда үйінің ерекшелігі сол, өңіріміздің түкпір-түкпірінен облыс орталығына ағылған кәсіпкерлер мен фермерлер мұнда өз өнімдерін ешбір делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынады. Соған сәйкес тауарлардың бағасы да тартымды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар аталған сауда кешенінде азық-түлік жәрмеңкесі, түрлі көрмелер мен өзге де шаралар өткізіледі.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – еліміздің аграрлық және экономикалық саясатының басты мақсаттарының бірі. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев сатушы мен алушының арасына «алтын көпір» болатын «Керуен сарайдың» маңызы зор екенін атап өтті.

– Баршаңызды жаңа орталықтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл нысанның Өскемен тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ іргелес аудандар үшін де маңызы зор. Өйткені аудан кәсіпкерлеріне өз өнімдерін тұтынушыға ешбір делдалсыз, тікелей саудалауға мүмкіндік туып отыр. Бүгін осында әкелген жергілікті өндірушілердің тауарлары жоғары сапалы екені көрініп тұр. Бағасы да қолжетімді, – деді өңір басшысы.


Сауда кешенінің жалпы аумағы – 32 мың шаршы метр. Мұндай атшаптырым аумаққа бір мезетте 10 мың адам сыйып кетеді. Сатып алушыға да, сатушыға да барлық жағынан қолайлы жағдай жасалған. Сауда орындары ыңғайлы орналасқан әрі кең. Көлік қоятын тұрағы да бар.

Аймақ басшысы таяуда Өскеменде тағы бір үлкен көтерме-тарату орталығы ашылатынын тілге тиек етті. Аталған сауда нысандары облысымызда кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін беретінін айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив