KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да волейболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

21.03.2024, 16:30 136 Қуаныш Рахметоллаұлы

Өскемен қаласында 2009-2010 жылдары туған ер балалар және  2007-2008 жылдары туған қыздар арасында волейболдан ел чемпионаты басталды.

Аладоп бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен жиырмадан астам команда жиылып, өзара мықтыны анықтап жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарыстар жас спортшылардың ептілігі мен шеберлігін шыңдауға зор септігін тигізіп ғана қоймай осы жерде көзге түскен ойыншылар волейболдан еліміздің жастар құрамасына шақырту алады. Аталған жарыста біздің облыстың намысын екі команда қорғап жатыр.

- Шығыс Қазақстанда волейбол қарқынды дамып келеді. Жалпы жастардан жасақталған ұлттық құраманың 80%-ын Шығыс өңірінің волейболшылары құрайды. Бұл үлкен жетістік”,- деді жарыс төрешісі Серік Түстібаев.


Жас спортшылар жарысқа аса тыңғылықты дайындықпен келген. Олардың басты мақсаты – волейболдан еліміздің жастар құрамасына шақырту алып, кәсіби спортшы атану.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы мықты волейбол мектебімен танымал. Дәл осы жерде Қазақстан құрамасының болашақ ойыншылары ойнап жүргені сөзсіз.

- Бұл жарысқа  мықты командалар, лайықты қарсыластар келді. Өскеменде өтіп жатқан ел чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Осы біріншілікте жүлде аламыз деген үлкен үмітіміз бар. Жарысқа ұзақ уақыт дайындалдық, - деді Алматыдан келген “Бейбарыс” команданысының волейболшысы Әділбек Тұрсынбай.


Айта кетейік Өскемен қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты 26 наурызға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив