KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Волейболдан Қазақстанның вице-чемпиондарын ШҚО әкімі құттықтады

21.03.2024, 17:30 169 Назерке Каримова

Түркістанда өткен Ұлттық лига командалары арасындағы ХХХІІ ел чемпионатынан Шығыс Қазақстанның “Берел” әйелдер командасы күміс медальмен оралды.

Финалда олар жергілікті волейволшылармен жолығып, есе жіберіп алды. Дегенмен былтыр құрылған команда үшін күміс медальдің өзі үлкен жетістік, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Наурыз мейрамы қарсаңында жүлдегер спортшыларға құрмет көрсетті.

Айта кетейік, жаңадан құрылған команданың “Берел” деп аталуы туған өлкені дәріптеу мақсатынан туындаған.

Еліміздің вице-чемпиондары киелі Түркістан жерінде қол жеткізген бұл жүлде алдағы үлкен жеңістердің бастауы екендігін атап өтті. Шығыстың қыздары келер маусымда алтыннан медаль тағуға бар күш-жігерін саламыз деп отыр.

– Маусым оңай болған жоқ, дегенмен екінші орын алдық. Бірақ біз осы нәтижемен тоқтамаймыз  Жеңіске бір қадам жетпей қалдық. Осы жолы жіберген қателіктерді ескеріп, сабақ алып, келер жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткіземіз”,- деді команда капитаны Кристина Ерконова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу