KZ
Өскемен
-17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Мұз бөлініп, балалар Ертістің ортасына қарай ағып кеткен (видео)

pixabay.com

22.03.2024, 11:00 181 Назерке Каримова

Кеше су қоймасы маңында ойнап жүрген балалар мұз үстіне шығып кеткен.

Нәтижесінде үстінде балалар жүрген мұз бөлігі сынып кетіп, жағадан 3 метрге жүзіп кетті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

– Құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат хабарлама алып, дереу көмекке аттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құтқару арқаны арқылы жағаға аман-есен жеткізді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.


ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу