Зайсандықтар Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауда
Жұртшылық орталық алаңға ертемен жиналып, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты.
Түрлі тақырыптағы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қала өнерпаздары көрініс қойып, ән шырқап, би биледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мерекелік шараға аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы арнайы барып, қала тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы, мәслихат төрағасы Еркебұлан Зағыпаров, аудан әкімінің орынбасары Ришат Рамазанов және аудан ардагерлері кішкентай бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсіміне қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, белгілі әнші Дәлел Уәш айтулы мерекенің қадірлі қонағы болды.
Ұлыстың ұлы күніне арналған шара соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.