KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да өрт қаупі жоғары кезең басталды

Фото: rtek24.ru

16.04.2024, 10:23 143 Ержан Әбіш

ШҚО-да өрт қаупі жоғары кезең басталды деп ескертті Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингте ТЖД мамандары.

Облыстағы орман қорының ауданы 2,9 млн гектарды алып жатыр, өңірде 13 орман шаруашылығы, 2 қорық және 1 ұлттық парк бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр облыста 77 орман өрті болып, 502 гектар орман алқабы жойылған, материалдық шығын 35 млн 508 мың теңгені құрады. Өртке негізінен найзағай себеп болған.

– ШҚО ТЖ департаментінде 1329 адамнан тұратын жеке құрам, 240 техника, атап айтсақ 134 өрт сөндіру көлігі, 71 өтімділігі жоғары өрт сөндіру автоцистернасы, 12 «КУНГ» және «Вахта» автомобилі, 9 ұшқышсыз ұшу аппараты бар, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов. – Сондай-ақ, департамент «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясымен жылу нүктелері бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру туралы шарт жасасып отыр.

ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодектің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив