Табиғат қорғау мекемелерінің өрт қаупі жоғары маусымға дайындығы бағаланды – ШҚО
Фото: gas-kvas.com
ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мемлекеттік орман иеленушілерінің өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
- еш жағдайда құрғақ шөпті, ошақты жақпаңыз, әсіресе жел соғып тұрғанда;
- орманда күн сәулесінде әйнек пен бөтелке сынықтарын қалдырмаңыз. Өрт қаупі жоғары кезеңде орманда от жағуға болмайды. Балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қаупі туралы түсіндіріңіз;
- елді мекендердің, ұйымдардың, саяжайлардың аумағын жанғыш қалдықтан, қоқыстан, құрғақ шөптен тазарту қажет;
- саяжай учаскелерінде от жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, бақылаумен және желсіз ауа райында, өрт сөндіру құралы болған кезде жүзеге асырылады.
Өртті өзіңіз сөндіре алмасаңыз, дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.