KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Ермек Көшербаев аудан-қала әкімдеріне: Басты көмекшілерің – жұртшылық

26.04.2024, 11:46 124 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев елді мекендерді тазалау ісіне үлес қосуға ниетті еріктілердің, тұрғындардың жұмысына назар аударып, оларға қолдау көрсетуді міндеттеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол тазалық жұмыстары сенбіліктермен шектелмей, күнделікті тәжірибеге айналуға тиіс екенін атап өтті. Әкімдіктер қоқысты уақтылы шығару үшін, оның ішінде саяжай серіктесіктері үшін жағдай жасауы керек. Бұл – тазалық мәселесі ғана емес, денсаулық пен қауіпсіздік мәселесі.

- Кеше Өскеменнің шетіндегі саяжай серктестіктеріне бардым. Ол жердің иелері қоқысты жинап жатыр. Тек соны әкетуге көлік керек дейді. Осы ретте аудан-қала әкімдіктері көмектесуі керек, өз еркімен сенбілікке келген еріктілерге, туған жерін сүйетін жанашыр азаматтарға жағдай жасап беруі керек, – деді аймақ басшысы облыс әкімдігінің отырысында.

ШҚО әкімінің айтуынша, өскелең ұрпақты қоршаған ортаны, айналаны таза ұстауға, ластамауға балабақша жасынан бастап тәрбиелеу керек. Ал темекі тұқылын, қоқысты көшеге лақтыратын азаматтарға заң аясында шара қолданылуы қажет.

– Адамдардың бойында бұл мәселеге төзбеушілік сезімін қалыптастыру қажет. Бұл ретте басты көмекшілерің – жұртшылық. Қалаларымыз бен ауылдарымыз таза болуы керек, – деді Ермек Көшербаев аудан-қала басшыларына.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив