KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Саяжай тұрғындарының мәселесі шешімін табатын болды – Өскемен

Фото: flectone.ru

28.03.2024, 16:39 83 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы саяжай алаптарының мәселесі жақын арада өз шешімін таппақ.

Аймақ басшысы Өскемен қаласын дамыту жөніндегі кеңесте саяжай тұрғындарын толғандырған мәселелерді шешу үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Саяжай учаскелері жан-жақты дамып, жеке тұрғын үй массивіне айналуы керек. Ондағы барлық мәселелерді біртіндеп шешу үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын. Ол екінші тоқсанның соңына дейін дайын болуы тиіс, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ облыс әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстардан тұрғындар да хабардар болып, саралап отыру керектігін атап өтті.

Арнайы бағдарламада электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету, қыс мезгілінде жолдарды тазарту жұмыстары да қарастырылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив